• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Қараша, 2017

ШҚО-ның Абай ауданына жаңа әкім тағайындалды 

789 рет
көрсетілді

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың өкімімен Абай ауданы әкімі қызметіне Жарқынбек Байсабыров тағайындалды. Бұған дейін ол Үржар ауданы әкімінің орынбасары болған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа басшыны аудан активіне ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов таныстырды. Жарқынбек Борашұлы 1969 жылы 9 тамызда Үржар ауданы Бірінші май ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Семей зоотехникалық-ветеринар институтын «мал дәрігері» және 2008 жылы Семей университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы Бірінші май ауылында Калинин атындағы колхозда санитарлық-емдеу пунктінде меңгеруші қызметінен бастаған. Одан кейін бірнеше жыл «1 Май» ЖШС меңгерушісі, 1998-2004 жылдар аралығында «Ерасыл» шаруа қожалығын басқарып, кейін Үржар ауданының Некрасов ауылдық округінің әкімі болды. 2006 жылдың қыркүйегінен бастап Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды. 2008 жылдан осы күнге дейін Үржар ауданы әкімінің орынбасары міндетін атқарды. 

 

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы