Басылымдардың бір бұрышында латын таңбасымен бағандар жариялай бастаса, артық етпейді. БАҚ өкілдерімен өрбіткен сұхбатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді.
«Осы күндері қазақ тілді басылымдарымыздың бір бұрышынан латын таңбасы негізінде арнайы бағандар жариялай бастасақ, артықтық етпейді. Ел оқи берсін. Менің өзім кабинетімде отырып, Абайдың сөздерін қоғамда талқыланып, таныстырылған латын әліпбиінің негізінде теріп жазамын. Үстелімнің үстінде екі түрлі әліпби үлгісі тұрады. Әрине, бірден игеріп, жазып кету оңай емес. Бірақ, қоғам, ел-жұрт ептеп үйрене бергені жөн. Елдің, көше атауларын да жаза бергеніміз жөн шығар», деді Елбасы.