• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қаңтар, 2018

Павлодардағы ХҚКО-да мүмкіндігі шектеулі 32 жан қызмет етеді  

197 рет
көрсетілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның облыс бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің мәліметінше  І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар үйден шықпастан «Азаматтарға арналған үкімет» қызметін пайдалана алады. 

Ол үшін 1414 нөміріне телефон шалса орталық қызметкерлері үйлеріне келіп, қызмет түрін ұсынады. Былтыр өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарға 240  мемлекеттік қызмет түрлері ұсынылған. Орталықта оларға ыңғайлы және кедергісіз жағдай жасалуда,  «есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға «онлайн-сурдоаударма» сервисі іске қосылды.

Корпорацияның барлық фронт-кеңселеріндегі сияқты  орталықта да арбаға танылғандарға шақыру батырмасы мен пандустар, Брайль мәтіні бар тақталар, нашар көретіндерге түйсіну жолақтары орнатылған.

Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан»

Павлодар