Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары, сондай-ақ жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың іске асырылу барысы жөнінде әңгімелесті.
Осыған байланысты тараптар 2017 жылы екіжақты сауда-саттық көлемінің 31 пайызға артып, биылғы бірінші тоқсанда бұл көрсеткіштің оң қарқыны сақталып отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырды.