• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Тамыз, 2018

«Астана Операда» Ақтөбе филармониясы камералық хорының концерті өтеді  

958 рет
көрсетілді

«Астана Опера» Камералық зал сахнасында Ғ.А.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хоры гастрольдік сапармен өнер көрсетеді.  «Құтты мекен Ақтөбеден ән шашу» концерті 19-тамызда өтеді. 

Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хоры республикамыздағы алдыңғы қатарлы хор ұжымдарының бірі. Ұжымның шығармашылық жолы 1991 жылы басталған. Бүгінде хор репертуарында 400-ден астам туындылар бар. Халық әндері, қазақстандық және шетелдік композиторлардың камералық шығармаларымен қатар, әртістер В.А.Моцарттың Реквием, К.Орфтың «Кармина Бурана», Г.Свиридовтың «Пушкинский венок» және «Неизреченное чудо», М.Сағатовтың «Мерекелік кантата» және тағы басқа хор классикасының көлемді шығармаларын орындайды. Көркемдік жетекшісі және дирижері  – Мербол Құспанов, хормейстерлер – Мәди Әбішев, Лейла Кущанова.

Осы кеште елордалық көрермендерге  халық әндері, отандық және шетелдік авторлардың жауһар туындылары ұсынылады.