• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Үкімет 18 Қыркүйек, 2018

Бақытжан Сағынтаев егін жинау жұмысын уақытылы аяқтауды тапсырды 

168 рет
көрсетілді

Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында егін жинау жұмысының уақытылы аяқталуын бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев пен облыс әкімдерінің баяндамасын тыңдаған соң, Премьер-Министр жауын-шашынның әсерінен негізгі астық егетін өңірлер былтырғы жылмен салыстырғанда егін жинау кестесінен 20-25%-ға қалып келе жатқанын айтты. 

Бақытжан Сағынтаев қазіргі ауа-райын қолданып, егін жинау жұмысын уақытылы аяқтауды тапсырды.  

Энергетика министрлігіне өңірлерге қосымша жанар-жағармай бөлуді, Ақмола облысы әкімдігінің қазан айындағы берілетін жанар-жағармайын қыркүйекте бөлу туралы ұсынысын қарастыру ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Маминнің бақылауына берілді. 

Егін жинау жұмысын үйлестіру мен оны күнделікті бақылау Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевке тапсырылды.