• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Ақпан, 2019

«Сергек» жүйесі ЖҚЕ бұзу оқиғасының 400 мыңнан астамын анықтады

417 рет
көрсетілді

Бейне-бақылау камераларының көмегімен өткен жылы 69 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, мыңнан астам қылмыс ашылды. 2018 жылы «Сергек» жүйесінің камералары жол қозғалысы ережесін бұзудың 424 мың оқиғасын анықтады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жыл сайын бейне-бақылау камералары орнатылады. Бейнекамералар орнатылған жерлерде құқықбұзушылықтар санының кемігенін байқауға болады.

Әкімдіктің қолдауымен қалада құқықбұзушылықтың алдын алу үшін 5 мыңнан астам камера орнатылды, оның 420-сы «Қауіпсіз аула» бағдарламасының, 4 мыңнан астамы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының аясында, ПИК және тұрғындардың өздерінің қаржысы есебінен орнатылды», – деді халыққа есеп берген Астана полициясы департаментінің бастығы Марат Қожаев. Оның мәліметінше, 2018 жылы «Сергек» жүйесінің камералары жол қозғалысы ережесін бұзудың 424 мың оқиғасын анықтады. Бейне-бақылау жүйесін енгізу елорда жолдарындағы ЖКО санын 2017 жылмен салыстырғанда 9,4%-ға азайтуға мүмкіндік берді.