• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2019

Маңғыстау ауданына жаңа әкім тағайындалды

1097 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының әкімі қызметіне Тілек Жеткізгенұлы Көшмағанбетов тағайындалды.

Тілек Жеткізгенұлы 1979 жылы Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында туған. Білімі - жоғары, 2002 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2013 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.  

Еңбек жолын 2001 жылы «Нефтебанк» акционерлік қоғамында несие бөлімінің маманы қызметінен бастап, кепілдік беру бөлімінің бас маманы, несие бөлімінің менеджері қызметін атқарды.

2006 -2007 жылдары «ТМ-2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

2007-2010 жылдары Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, кейін бөлім басшысы лауазымын атқарды.

2010-2012 жылдар аралығында Маңғыстау облысы қаржы басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

2012-2015 жылдары Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары, 2015 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы