Полицейлер Шымкент қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігері, белгілі хирург Мәди Биғалиевтің өлім себебін анықтап жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
- Полицейлер Шымкент қаласының 60-65 жастағы тұрғынының денесі табылу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, -деп хабарлады полицейлер.
Профессор, медицина ғылымдарының докторы, Шымкентте және Түркістан облысында трансплантология негізін қалаған Мәди Биғалиев 62 жасында дүниеден өтті.
Хирург 37 жылда 10 мыңнан аса күрделі ота жасаған.