Қазақстанның шаңғы жарыстары командасының көшбасшысы Алексей Полторанин Словенияның Планица қаласында өткен Альпі кубогында алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстандық шаңғышы классикалық жүріспен 15 қашықтықта жеңіске қол жеткізді. Полтораниннің мәреге 36:3.0 уақытта жетті. Екінші болып жарысты эстониялық Карел Таммъярв аяқтаған - 37:17.9. Үшінші орында Польша спортшысы Доминик Буры - 37:40.8. Мәре сызығын барлығы 70 спортшы кесіп өтті.
Айта кетерлігі, Альпі кубогы FIS-старттары жарысының бағдарламасына кіреді.