• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2019

Ақтауда дәмханадан сексеуіл тәркіленді

1085 рет
көрсетілді

Сексеуіл өсімдіктің сирек түріне жатады. Төрт жыл бұрын Қазақстанның мемлекеттік орман қорының аймағында сексеуілді шабуға мораторий жарияланған және тағы 5 жылға ұзартылды. Құжат елдегі құрғақ жерлердің ағаш түрлерін өсіру және қайта жандандыруға мүмкіндік берді.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде ПД ЖПҚ Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Ақтау қаласы дәмханаларының бірінен жалпы салмағы 2,5 тоннаны құрайтын сексеуіл тәркіленді. Аталған дерек Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 339-бабымен тіркелді.

Дәл осындай дерек 2017 жылы тіркелген болатын. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында қала мейрамханаларының бірінде 5 тонна сексеуіл тәркіленді. Дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, материал сотқа жолданды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Маңғыстау облысы