Ақтөбе облысы ТЖД гарнизоны тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін халыққа жеткізу үшін 2 демалыс күні ішінде тағы да бір рет түсіндіру мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды. Бұл туралы Ақтөбе облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы хабарлады.
Өрттің шығу қаупін төмендету мақсатында өртке қарсы қызметтің назарын аудару қажет елді мекендердің аса проблемалық көшелері, кварталдары, шағын аудандары анықталды.
Тұрғын секторда алдын алу жұмыстарын жүргізуге азаматтық қорғау органдарының барлық жеке құрамы, соның ішінде Департамент аппараты да жұмылдырылды. Жұмыс аса тиімді болу үшін үшін аулаларды аралау демалыс күндері, көптеген азаматтар үйде болған кезде жүргізілді.
2019 жылдың 9 және 10 ақпанында 3649 тұрғын үйдің 12 мыңнан астам тұрғыны қамтылды, 315 адамның қатысуымен 25 жиналыс және жиын өткізілді. Әлеуметтік осал тобындағы 1271 тұлғаның тұрғылықты жері бойынша 326 рейд ұйымдастырылды (тұрғындардың қозғалысы шектеулі тобындағы 118 үй/332 адам, қолайсыз отбасы 96үй/272 адам, көп балалы отбасы 112 үй/667отбасы). жергілікті полиция қызметімен бірлесіп 98 рейд өткізіліп, 469 адам қамтылды. 410 азамат үшін 25 рет әлеуметтік роликтер көрсетілді. Өрт қауіпсіздігі бойынша 7267 ақпараттық материал таратылды. Өткізілген іс-шараларға барлығы 396 адам (азаматтық қорғау органдардың, ерікті өртке қарсы құрамалардың, мемлекеттік емес өрт қарсы қызметтердің қызметкерлері, еріктілер, газ қызметі қызметкерлері) қатысты.
Жағымды жағы тұрғындардың көпшілігі қызметкерлердің жұмысына үлкен түсіністікпен және құрметпен қарады. Тұрғындар үйлеріне кіргізіп, өртке әкелуі мүмкін кемшіліктерді көрсетуді өтінген жағдайлар болды. Бірақ мұндай келушілерге барлығы дерлік риза емес. Кейбір тұрғындар өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша ақпарат алуда құтқарушылардың көмегінен бас тартады. Ал әр адам осы ережелерді білуі, оларды орындауы, сондай-ақ оған өз балаларын үйретуі керек.
Бүгінгі күні облыс аумағында өрт қауіпсіздігі құралдарын ақысыз беруге бағытталған «Жақсылық жаса» акциясы жүргізілуде, акцияны өрт қауіпсіздігі мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар және еріктілер қолдады. Акция аясында 150 отбасына (жалғыз басты қарт адамдар, көп балалы отбасы, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы) алғашқы өрт сөндіру құралдарын, автоматты датчиктерді тегін сыйға тарту, түтіндіктерді тазалау, пеш алдындағы қаңылтырды орнату және басқа да іс-шаралар түрінде көмек көрсетіледі.