• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2019

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

376 рет
көрсетілді

Бейсенбі күні Қазақстанның көптеген облыстарында күн ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі. 

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бірақ еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын болып, әсіресе оңтүстік – шығыс бөлігінде қатты байқалады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, боран, жел күшейеді», - деп хабарлады синоптиктер.

Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 2-7 м/cек ауыспалы. Ауа температурасы түнде -16-18, күндіз-5-7.

Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман басады. Жел жылдамдығы 0-5 м/cек. Ауа температурасы түнде -5-7, күндіз + 1+3.

Шымкентте қар аралас жаңбыр жауып, секундына 2-5 метр жел соғады. Күндіз +2 + 4, түнде 0 + 2.

Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ, боран болып, секундына 15-20 метр жел соғады, түнде екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Күндізгі температура -2+3, түнде -1-6.

Түркістан облысының кей жерлерінде аздаған қар жауып, жауын-шашын болады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, секундына 15-20 метр жел соғады. Күндіз +1+6, түнде 0-5.

Алматы облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында секундына 20-25 метр жел соғады, екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді. Күндіз 0+5, түнде -3-8 (солтүстікте -22).

Қызылорда облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 0+5, түнде - 8 -13.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі, күндіз жел жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Күндіз -5-10, түнде -15-20.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз 0+5, түнде 0 -5.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз -1+4, түнде -7-12.

Қостанай облысында да тұман түседі. Күндіз-5-10, түнде -15-20.

Солтүстік Қазақстан облысы жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -5-10, түнде -14-19.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз -5-10, түнде -13-18.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз -10-15 (оңтүстікте -5), түнде -18-23.

Ақмола облысында түнде тұман түседі. Күндіз-5-10, түнде-15-20.

Қарағанды облысында да түнде тұман түседі. Күндіз -5-10, түнде -15-20 (оңтүстікте -10).

Ақтөбе облысында ауа-райы жауын-шашынсыз. Күндіз -5-10, түнде -20-25.

«Алдағы тәуліктерде синоптикалық болжамдарды негізге ала отырып, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қар еріп, өзендердің су деңгейі көтерілуі мүмкін», - деді синоптиктер.