Уильям Мозер АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Елшіліктің Фейсбуктегі ресми парақшасындағы ақпаратта.
«Уильям Мозер мырзаны Қазақстандағы АҚШ Елшісі ретінде ант беріп, лауазымына кірісуімен құттықтаймын. Таяу уақытта оның келуін күтеміз», - делінген ақпаратта.
Уильям Мозер әр жылдары АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары, АҚШ-тың Украинадағы Елшілігінің кеңесшісі, Молдовадағы елші қызметін атқарған.