• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Ақпан, 2019

Әскери қызметкер жанып жатқан үйден 15 адамды алып шықты

171 рет
көрсетілді

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Қуандық Қанатов түнгі сағат 2-де жанып жатқан үйден тұрғындарды эвакуациялауға көмек көрсетті.

Өрт бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында басталып, екінші қабатқа тарады. Осы үйде тұратын ефрейтор Қ. Қанатов қызмет барысында өрт қауіпсіздігі бойынша ерлік пен төзімділікті, білімдерін көрсетті, өртті сөндіру кезінде дереу көмек көрсетті және жанып жатқан ғимараттан 15 адамды шығаруға көмектесті.

Ғимараттан барлығы 79 адам, оның ішінде 20 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

«Менің орнымда болған әрбір адам осылай жасайтын еді. Себебі, біз осындай жағдайларда бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Қарулы Күштер қатарында қызмет ететініме қуанамын. Біз онда жаттығу кезінде жарақат алған әріптестерін ұрыс алаңынан эвакуациялауға тура келетін түрлі жағдайларды жиі пысықтадық. Бұл менің әскери міндеттерім мен азаматтық борышым», деді Қуандық Қанатов.