• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Ақпан, 2019

Алматыда 30 келіден астам марихуана заңсыз айналымнан шығарылды 

252 рет
көрсетілді

Қалада есірткі заттарын заңсыз иелену және сату бойынша күдікті - 1969 жылғы К. есімді азамат ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД Баспасөз қызметі хабарлады. 

«Есірткі заттарын заңсыз сақтауға және оны Алматы қаласының аумағында сату фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 297 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Есірткі сатушы 50 жастағы Бостандық ауданының тұрғыны болып шықты, оның қылмыстық қызметі көптеген жедел-іздестіру және арнайы іс-шарамен расталған. Анықталғандай, күдікті есірткілерді үйінен таратып отырған. Кәсіпкердің иелігіндегі тауарлардың кішкене бөлігін біздің бөлімшенің қызметкерлері бөлшек саудада тұрақты тұтынушысына сатып жатқанда тәркілеген. Күдіктінің тұрғылықты жерінен есірткі жасырынған орынды таптық: іздеу барысында скотчка оратылған 5 полиэтиленді пакет табылды, оның ішінде салмағы 29 кг 169 грамм болатын есірткі заты – марихуана болған. Есірткі сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Сонымен қатар біз қаламызға осы қылмыстық кәсіппен айналысатын адамдардың есірткі жеткізу арнасын және осыған қатысы бар адамдарды іздестіріп жатырмыз. ҚР-ның қылмыстық заңнамасында көзделген шаралар осы қылмыстың барлық қатысушыларына қабылданады», - деді Алматы қалалық ПД Есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Талғат Беркенбаев.