Қызылорда облысында апаттық мектептер мәселесі түбегейлі шешіліп келеді.
Апатты деп танылған білім ошақтарының орнына соңғы бес жылда 37 мектеп салынған.
Енді Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы ескі мектептердің орнын жаңасы басады.
Сондай-ақ, қазіргі таңда Қызылорда облысында үш ауысымда оқитын мектептер мүлдем жоқ. Бұл проблема түбегейлі шешімін тапқан.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда облысы