• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Ақпан, 2019

Б.Сұлтанов мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға шақырды 

987 рет
көрсетілді

Астана әкімі бизнесмендерді мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетіп жүрген коммерциялық емес ұйымдарға қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Бақыт Сұлтанов тұрғындармен есеп беру кездесуінде мүгедек балаларды білім берумен қамтамасыз ету бойынша әкімдік қабылдаған шараларға ерекше тоқталды.

«Бұл – батыр балалар. Біз мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасыларды жиі кездестіреміз. Массаж кушеткасының бірнеше сантиметрін бағындырған балалары үшін ата-аналары қалай қуанатынын көрсеңіздер ғой. Балалары да әрі қарай жұмыс істеуге және дамуға дайындығын айтады.Мен Астананың барлық кәсіпкерлерін осы салада жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдарды қолдауға шақырамын» деді Б.Сұлтанов.

Қазіргі уақытта Астанада 80% мүгедек бала немесе 6 мың осындай біліммен қамтылған. Ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту үшін 77 мектепте, 13 балабақшада, төрт колледжде жағдай жасалған. Сонымен қатар, қала әкімі педагогтарды қолдау шаралары туралы айтты. Биыл оларға тағы 1 мың тұрғын үй сертификаты беріледі, 300 орындық жатақхананың құрылысы аяқталуда, педагогтардың еңбекақысы мен мәртебесін жүйелі түрде арттыруға шешім қабылданды. МЖӘ тетіктері арқылы жан басына қаржыландыруды енгізудің арқасында әкімшілікте қаражатты босату және оларды мұғалімдердің жалақысына жіберу мүмкіндігі пайда болды. Бұл сондай-ақ, білім беру саласына жеке бизнес пен жекеменшік мектептерді тартуға мүмкіндік береді.

«Балалардың қауіпсіздігі маңызды міндет болып табылады. Ағымдағы жылдың соңына дейін біз оқу орындарын, соның ішінде, ондағы асханаларды бейнебақылау камераларымен, 100 пайыз қамтамасыз етеміз» деді Сұлтанов.