• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Наурыз, 2019

2025 жылға дейін жергілікті маңызы бар автожолдардың 95%-ның жағдайы жақсартылмақ

991 рет
көрсетілді

Бәсекеге қабілеттілік глобалды индексінде автомобиль жолдары жағдайының рейтингі статистикалық көрсеткіштері бойынша 59-орында. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Скляр «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндамасында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, арнайы сауалнама нәтижесінде халықтың жергілікті желідегі жолдардың жағдайына қанағаттану деңгейі 106-шы орында тұр.

«Осыған байланысты, аймақаралық инфрақұрылымды жүйелік дамыту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жергілікті желідегі автожолдарды қаржыландыру 2018 жылы паритеттік негізде 156 млрд. теңгеге дейін жеткізілді, ол 4 мың шақырымнан астам жолды жөндеуге мүмкіндік берді.

Биылдан бастап қымбат күрделі жобалардан суық ресайклинг әдісі бойынша үнемді орташа жөндеуге өтеміз.

Жергілікті желі жолдарын дамытуға қосымша қаржы бөлуге қатысты Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының съезінде берген тапсырмасын орындау аясында қаржыландыру жыл сайын 200 миллиард теңгеге артатын болады» деді ол.

Осындай қарқын келесі жылдарда да сақталмақ. Бұл 2025 жылға дейін шамамен 35 мың шақырым жолды жөндеуге және 95% жергілікті маңызы бар автожолдардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді екен.