Алматы облысының әкімі, Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Амандық Баталов бастаған партия мүшелері XVІІІ съез жүктеген міндеттерді жүзеге асыру жайын талқылады.
Ал Талдықорған қаласында өткен партия активіне ХVІІІ съез делегаттары, облыстық саяси кеңес мүшелері, аудан, қала әкімдері, аумақтық партия филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, облыстық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, ардагерлер, облыстық департамент, басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысты. Жиында облыс әкімі, партия филиалының төрағасы Амандық Батталов партияның бастамашыл жобалары аясында жыл бойы жүргізілген жұмыстарға сараптама жасап, ортақ жұмыстың жоспарымен таныстырды.
- Бүгінгі күнге дейін біз көмекке мұқтаж 17 мың адамды анықтап шықтық. Ерекше күтім қажет ететін жандарға күтім үшін төлемді 30 пайызға ұлғайту жоспарда бар. Ондай отбасылар Жетісу өңірінде 8 мыңнан астам.65 мың бюджет саласының қызметкерлері және 4 мыңнан астам мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысын көтереміз. Медициналық амбулаториялардың құрылысы да назардан тыс қалмайды. Арендалық тұрғын үй, су және газбен қамту бойынша көптеген жұмыстар жүргізілуде, - деді өз сөзінде Амандық Баталов.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
Алматы облысы