• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Наурыз, 2019

Әлеуметтік жүкті бірлесе көтереміз

973 рет
көрсетілді

Ең басты жетістік ретінде «Нұр Отан» партиясының осы 20 жылдықта еліміздегі ең беделді, ең сенімді, ең әлеуетті саяси ұйымға айналғандығын айтуға болады. Осы уақыт аралығындағы еліміздің табыстары біздің партиямен байланысты қалыптасты.

 

Қазір партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қарап отырсақ, «Президент­тің бес әлеуметтік бастамасы» мен Елбасы Жолдауынан бастау алатын еліміздің әлеу­меттік саясатына басым­дық берілген. Оның ішін­де, көп ­балалы отбасыларды қолдау, әлеуметтік көмек мұқтаж санатындағы азаматтарды қолжетімді баспанамен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу, мүмкін­дігі шектеулі адамдарды қол­дау мен сауықтыру кеңірек қамтылған. 

Мемлекет басшысы кезек­ті съезде берген тапсырмалар еліміздегі әрбір отба­сы­ның, Астанаға елеңдеп жағым­ды хабар күткен әр шаңы­рақтың мүддесіне сай келеріне сенімдімін. Атап айтқанда, көп балалы от­басы­ларға көрсетілетін көмек, жалақының көтерілуі сияқ­ты мәселелер өңірлерде жиі айтылып жүр. 

Бүгінде «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы мүшелерінің 90 па­йызы Ақтөбе қаласының тұрғындары. Бізде әрбір ірі мекеме жанында партия­­ның бастауыш ұйымдары бел­сен­ді жұмыс істеп келеді. Ал­­да­ғы уақытта да Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» пар­­тия­сының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партия съезін­дегі тапсырмаларын мүл­тіксіз және тиянақты орын­дауға бар күшімізді саламыз. 

Ілияс ИСПАНОВ, 

«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі