ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс орны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Президенті Кеңсесінің меңгерушісі Махмұд Қасымбеков журналистерге берген сұхбатында айтты.
«ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қызметінің құжаттама-ұйымдастыру жұмыстарымен айналысамыз. Біз Назарбаев орталығына жайғасатын боламыз. Оның өз кабинеті бар. Біз сіздерді шақырып, барлығын көрсете аламыз» деді Махмұд Қасымбеков.