• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2019

ЖХЛ: Алғашқы ойындарды сыртта өткіземіз  

352 рет
көрсетілді

Жоғарғы хоккей лигасының (ЖХЛ) Петров кубогы жолындағы жарысты Қарағандының «Сарыарқасы» қашан жалғастыратыны белгілі болды.  

Плей-офф сайыстарының алғашқы айналымдарында бұған дейін Ханты-Мансийскінің «Юграсы» (3:0) мен Альметьевскінің «Нефтянигін» (4:3) жеңген жерлестеріміз жартылай финалда Санкт-Петербургтің «СКА-Невасымен» күш сынасатыны белгілі.

Алғашқы екі кездесу 29 және 30 наурызда Нева жағалауында өтеді. 2 және 3 сәуір күндері ресейліктер Қазақстанға келеді. Егер осы төрт бәсеке барысында қос команданың бірі төрт мәрте жеңіске жетпесе, онда қосымша ойындар белгіленеді. Соның қорытындысы бойынша финалға жолдама алатын команда анықталады.

Ал келесі жартылай финалдық матчта «Торос» (Нефтекамск) пен «Рубин» (Түмен) клубтары шеберлік байқасады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»