• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Президент 04 Сәуір, 2019

Семейде жаңа автобустар қоғамдық көліктер қатарын толықтырмақ

766 рет
көрсетілді

Семейдің автоқұрастыру зауытында 170 автобусты құрастыру қолға алынды. «Dаewoo bus Kazakhstan» көлік құрастыру зауыты директорының орынбасары Марат Макишев айтқандай, «Dаewoo bus Kazakhstan», «СемАз» зауыттарында, қоғамдық көлік қатынасы саласын жақсартуға орай құрастырылып жатқан автобустардың барлығы да алдағы уақытта Семей қаласының көшелеріне сән бере жүйткитін болады.

 Марат Макишев, Атырау қаласына арналған автобустарды құрастырып біткендігін, енді Семей қаласы үшін  110 шақты «Dаewoo» маркалы  және 60 «Dong Feng» маркалы көліктерін құрап жатқандығын айтып өтті. 170 автобустың 30-ы ірі класты, ал 80 шақтысы орта деңгейлі, 60 автобус шағын класты екен. Құрастырмалы бөліктердің 40-45 пайызы қазақстандық жабдықтар. «Dаewoo» автобустарын құрауға 111 адам кірісіпті. Автобустардың сапа кепілі 24 ай.

Жақында қала әкім Ермак Сәлімов қоғамдық көліктің сапасын тексеру үшін, жаңа автобустарға отырып көрді. №4 және 5-інші автобустарға мінген Ермак Сәлімов жүргізушімен және автобустағы халықпен сөйлесе келе, алдағы уақытта ескі, сапасыз автобустар мүлде болмайтындығынан хабардар етті. Облыс әкімі Даниал Ахметов те бұл мәселені басты назарда ұстап отыр. Ол өзі Семейге келіп, автобустарда халықпен бірге жүріп, көп дүниені сынға алған болатын. Сондықтан да сең қозғалып, соңғы кезде автопарктер 40 жылдан астам жаңартылмаған автобустарын жаңалауға көшті.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА                  

«Еgemen Qazaqstan»

суретті түсірген автор

СЕМЕЙ