Қазақтың Тұнғыш Президенті - Елбасы кітапханасы орталығының директоры Әмірхан Рақымжанов облыс жастарымен кездескенде бұл жәдігерлердің жалындаған жастар үшін аса маңызды болатындығын айтты.
- Жобаның негізгі мақсаты - әрбір қызылордалықтарға, әсіресе жастарға 1991 жылдан бастап елімізде өткен қиын кезеңдерден бүгінге дейінгі тәуелсіз еліміздің тарихын көрсету. Жылжымалы экскурсцияның ерекшелігі де сол, көрмедегі заттарды қолмен ұстап, Елбасының студент кезде киген бас киімін киюге де болады,-деді ол.
Бүгінде орталықта 200 мыңдай архивтік материалдар сақтаулы екен. Кітапханададан 1991 жылдан бастап Елбасының алдынан өткен құнды қағаздар, аудиоларды кездестіре аласыз. Сонымен қатар, орталықтың ең құнды жәдігері Елбасының шет елдерге барғанда алған жоғары наградалары, медалдары. Көрмедегі Елбасының мұрағаттары, өз қолымен ұстаған заттары, Мемлекетіміздің өркендеуіне қатысты қабылдаған шешімдер, архивтік материалдар жастардың қызығушылығын оятуда.