• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Сәуір, 2019

Қаржы жастарға жұмсалсын

880 рет
көрсетілді

Қызылордада өткен Жастар кеңесі көшпелі отырысында жәрдемақыға телмірмей жұмыс табу, кәсіптік білім алу мәселесі көтерілді.

Облыс халқының 25 пайызын жастар құрайды екен. Жұртты жұмыспен қамту мәселелеріне оң ықпалы бар 45 қоғамдық ұйым тіркелген. Енді олардың басын бір арнаға қосып, өнімсіз жұмыстармен айналысуын доғартып нақты іске көшу жайы талқыланды. Расында, елдегі болып жатқан әр түрлі оқиғаларды насихаттау, қолдау мақсатында бөлінген қаржыларды мемлекеттік сатып алудан жеңіп алып, қайдағы бір шерулер мен флэшмобтарға жұмсағанша сол қаржыны жұмыссыз жастарды оқытуға, кәсіп алуына жұмсау керек. Отырыста осындай ой айтылды. Бұл бір кезектен, бүгінгі жастардың білім және белсенділік деңгейі өсіп қалғандығын байқатады екен.

Жастардың дені ауылда тұрады. Орташа есеппен алғанда сол ауылдарда он мыңға тарта жұмыссыз жастар бар. Үйлестіре, көзін таба білсе ауылда жұмыс көп. Көшпелі отырыста сол топтарды жұмысы қамтудың өзекті жайттары талқыланды.

Қызылорда облысы