• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2019

Медициналық онлайн кеңесші жасап шығарды

1077 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Жанерке Ермахан «i-teka» біріңғай анықтамалық жүйеге енетін медициналық онлайн кеңесшісін жасап шығарды.

Жанерке Ермахан бүгінде Астана медицина университетінің үшінші курсында оқиды.

«I-teka» медициналық портал жүйесі – телефон анықтамалығы мен ғаламтор сайттары бар, мобильді қосымша арқылы емделушілерге қажетті дәріханаларды, дәрі-дәрмектерді, медициналық мекемелерді және дәрігерлерді табуға көмектесетін онлайн құрал.

Наурыз айында «I-teka» медициналық портал жүйесі жоғары оқу орындарының студенттері арасында автоматты чат-боттарды әзірлеуден байқау жүргізген болатын. Осы байқауда Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі – Жанерке Ермахан дәл әрекет ететін алгоритмі бар кеңес беруші роботты жасап шығарды. Бұл электронды оператор конкурс жеңімпазы атанды.

«Емделушімен сөйлесу барысында чат-бот диагноз қойып, қажетті маманға көрінуді ұсынады. Сонымен қатар уақытша ауруды басатын дәрі-дәрмектерге кеңес беріп, ауруды аңықтау үшін қандай медициналық тексеруден өту керектігін айтып береді», –деді Жанерке.

Бүгінде үздік студент жоба бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Жоба аяқталысымен «I-teka» медициналық портал жүйесінде іске қосылатын болады.