«БЖЗҚ» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен қордың төрағасы болып Нұрбибі Наурызбаева тағайындалды, деп хабарлайды tengrinews.kz.
"БЖЗҚ төрайымы болып бірауыздан Нұрбибі Наурызбаева тағайындалды", - деді "БЖЗҚ" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева.
Айта кетейік, Нұрбибі Наурызбаева осыған дейін Ұлттық банктің Ішкі аудит департаментінің директоры болып қызмет еткен.
Нұрбибі Наурызбаева тағайындалуына қатысты пікір білдіре отырып, журналистерді, сарапшыларды, салымшылардың өкілдерін, зейнеткерлерді және салымшыларды шақырып, қоғамдық кеңес құратынын айтты.