• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қаржы 16 Қаңтар, 2017

2017 жылы еуроның құны ең төменгі шегіне жетеді

4223 рет
көрсетілді

2017 жылы Еуроодақтың қаржы нарығы саяси тұрақсыздыққа сызат түсіруі мүмкін, дейді инвестициялық Saxo Bank банкінің бас қаржы стратегі Джон Харди.

"2012 жылғы дағдарыстағы ЕО басына келген қиындық биыл тағы қайталанып, бұл жолғысы одақтың біртұтастығы мен ішкі саясатына кесірін тигізуі мүмкін. Наурызда Нидерланды, сәуірде Францияда, күздің басында Германияда өтетін сайлаулар одақтың ендігі тағдырын шешпек. Ал Италиядағы бұрынғы үкімет басшысы Маттео Ренцидің ұйымдастырған референдумы мен Грекиядағы экономикалық қиындықтар одақты тіптен әлсірете түспек", - дейді сарапшы.

Джон Хардидің пікірінше, биыл жыл басында еуро ең төменгі шегіне жетеді. Тіпті Еуропа орталық банінің еуро құнын сақтау үшін қатаң қаржы-валюта саясаты да аймақтағы қаржы нарығын құтқара алмайды.

Қаржы стратегі одақтың қаржы дағдарысынан шығуы үшін ЕО елдерінің нақты экономикаға басымдылық беру керектігін алға тартады. Әрине, аймақ елдірінің нақты экономикалық өсімін қамтамасыз ету кемінде бір жыл уақыт алмақ, дегенмен, сарапшының пікірінше, бұл ЕО біртұтастығын сақтайтын жалғыз амал.