• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Ақпан, 2020

А. Аймағамбетов: Университеттер бірінші кезекте мектептермен жұмыс істеуі қажет

248 рет
көрсетілді

«Өңірлерде университеттер бірінші кезекте жергілікті қоғаммен, әкімдікпен, мектептермен жұмыс істеуі қажет. Өкінішке қарай, мұндай қарым-қатынас барлық жерде бірдей деп айта алмаймыз. Сондықтан осы жұмысты назарға алыңыздар». Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов министрліктің аппараттық отырысында Маңғыстау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз етуді бақылау департаменті директорының есебін тыңдау барысында айтты.

Министр жаңадан қабылданған Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы Маңғыстау өңіріне қатысты мәселелерді жергілікті әкімдік, жоғарғы оқу орындар мен мектеп және Білім басқармасы бірлесе жүзеге асырып, айтылған ескертпелерді шешуді тапсырды.

Өз кезегінде Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті директоры облыста оқушы орнының тапшылығы жылына 10-11 мыңға жететіндігін атап өтті. Одан бөлек, шалғай елді мекенде орналасуына байланысты өңірде 10 460 бала мектептерге арнайы көліктер арқылы тасымалданады.

А. Аймағамбетов аталған мәселеге қатысты нақты тапсырмалар беріп, келер жиында іс-әрекет жоспарын тапсыруды міндеттеді.