• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Наурыз, 2020

Шығыс Қазақстан тұрғындарына 470 мың маска тегін беріледі  

209 рет
көрсетілді

Облыстың барлық зейнеткерлері мен көпбалалы отбасыларын қостық.

 Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды. «Қымбатты жерлестер, Тұңғыш Президент Үндеуіне сәйкес біз бүгіннен бастап өңірдің төрт жүз жетпіс мың азаматын төтенше жағдай кезінде бірнеше мәрте қолдануға болатын маскалармен тегін қамтамасыз етеміз. Бұл санатқа сіздердің пікір, ұсыныстарыңызды саралап, облыстың барлық зейнеткерлері мен көпбалалы отбасыларын қостық. Тізімде соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар да бар» дейді аймақ басшысы.

Шығыс Қазақстан облысы