2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бұл мақсатқа биыл республикалық бюджеттен 111,5 млрд.теңге бөлу көзделген. Ол қаражат 316 жобаны іске асыруға жұмсалады. Нәтижесінде халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі қалаларда 97,5% жетіп, 10,53 млн адамды қамтиды. Ал ауылдық жерлерде 87,7% немесе 6,84 млн адамға жеткізу жоспарланған. Қалалардағы ағынды суларды тазарту деңгейі 74,9% жетеді.
Осы орайда еске сала кетейік, 2019 жылы бұл бағытта 404 жоба іске асырылып, 4078 ауыл сумен қамтылды.
Қазіргі уақытта республика бойынша ауыз суға қолжетімділік көрсеткішікі 92,6% құрайды.