• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Елорда 21 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтандағы Достық көшесі 23 мамырға дейін жартылай жабылады

275 рет
көрсетілді

Көлік жүргізушілері кептелісте қалмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Достық көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында қозғалысты жартылай жабу жоспарлануда» деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелістің алдын алу үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Биыл Нұр-Сұлтанда 150 көше жөнделеді, оның 100-і тұрғын үй аудандарына қарасты (шамамен 40 шақырым жол).

Барлық жұмыс «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша іске асады. Аталған бағдарлама бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 536 жұмыс орны ашылады.