• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2020

Шымкентте биыл 1000-нан астам тұрғын үй пайдалануға беріледі  

280 рет
көрсетілді

Шымкентте 39 259 азамат тұрғын үйге мұқтаж. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің қатысуымен өткен жиналыста Тұрғын үй және тұрғын үй инспекция басқармасының басшысы Ғ.Төлепов айтты, - деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қуанарлығы, жыл соңына дейін 450 көпбалалы отбасы, 394 әлеуметтік жағынан осал топтағы азамат, 300 жас баспаналы болады.

Айта кетейік, ағымдағы жылы "2-10-20" бағдарламасы бойынша 1047 аз қамтылған отбасы электронды түрде несие арқылы пәтер алуға өтінім берген. Қазіргі таңда құжаттарды тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ал "7-20-25" бағыты бойынша 219 азамат, "Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі" арқылы 73 азамат баспаналы болған.

Жыл соңына дейін "2-10-20", "7-20-25" бағдарламасымен бастапқы жарнаның бір бөлігіне әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде жергілікті бюджеттен ақша қаралып, сертификаттар беру жоспарланған.

Жалпы Шымкентте кезекте тұрғандар: жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар – 1631, көпбалалы – 5188, әлеуметтік жағынан әлсіз топ – 12829, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері – 19585, тұрғын үйі апатты деп танылған – 26 тұрғын бар.