Дмитрий Михайлович Малахов Сыбайлас жемқорлық агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет Басшысының өкімімен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ Мемлекет Басшысының өкімімен Шыңғыс Қайыпұлы Қабдула Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.