Шетелден ұшып келген қазақстандықтардың ПТР-тест қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Ұшып келген жолаушылар коронавирус инфекциясы бойынша ПТР әдісімен тесттен өту үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау мен Орал қалаларында екі күндік карантинге жатқызылды. Анықтамасыз келген әуе жолаушыларының бәрінің ПТР-анализдері коронавирус жұқтырмағанын көрсетті", деді Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов.
Айта кетейік, бүгін шетелден ұшып келген 101 жолаушы Нұр-Сұлтан әуежайынан карантиндік стационарға жатқызылды.