Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасын 3 жыл басқарған Ілияс Мұхамеджан қызметінен кетті. Ол 3 жыл ішінде атқарған жұмысы туралы есеп беріп, қолдау көрсеткен облыс тұрғындарына алғыс айтты.
"Басқа жұмысқа ауысуыма байланысты мен ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетемін. Бірінші кезекте облыс тұрғындарына қолдау мен түсіністік танытқаны үшін алғысымды білдіргім келеді", деп жазды Ілияс Мұхамеджан.