• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 21 Қазан, 2020

Мәулен Әшімбаев Мәжіліс депутаттарын сайлауға қатысты пікір білдірді

400 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Президенттің Мәжіліс депутаттарын кезекті сайлауды тағайындау туралы шешіміне қатысты пікірі білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депуттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы шешім қабылдады. Сайлау конституциялық мерзімге сәйкес өтеді. Жалпыхалықтық дауыс беру келесі жылдың 10 қаңтарында болады. Кезекті сайлауды тағайындау бұл мәселедегі айқынсыздықты болдырмайды. Ал сайлаудың өзі демократиялық жаңғыру тұрғысында қоғамымыздың одан ары кезең-кезеңімен дамуы аясындағы маңызды сатыға айналуы тиіс. Жаңа сайлау науқаны басталғанға дейін саяси жаңғыру, көптариялықты дамыту және елдің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысуын кеңейту бойынша шаралар қабылданғанын атап өткен жөн. Бұл парламенттік оппозиция институтын және партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыз квота енгізуге де қатысты. Тиісті заңды Парламент қабылдады. Ел Президенті атап өткендей, алдағы сайлау қолданыстағы заңнамаға сай өтетін болады", деп жазды Парламент Сенатының төрағасы Facebook парақшасында.