Алматы облысында жолшылар республикалық маңызы бар "Көкпек –Кеген-Түп-Жалаңаш-Саты-Кұрметті-Көлсай көліне баратын жол" автомобиль жолының 43-78 шақырымындағы учаскіге жүргізген күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Аталған аумақтағы қозғалыс толықтай ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұзындығы 34,1 шақырымды құрайтын учаскіге күрделі жөндеуді бас мердігер – "Искер-Т" ЖШС консорциумы және "Ивета Со" ЖШС жүргізген. Авторлық бақылауды "TULPANKOM" компаниясы, техникалық қадағалауды – "Сапа СЗ" ЖШС іске асырды.
Автожол жобасын жүзеге асыру барысында 200 мың шаршы метр аумаққа жер қазу жұмыстары жүргізілді. 160 мың шаршы метрден астам төменгі базалық қабат және 280 мың шаршы метрден астам жоғарғы базалық қабат орнатылды. Бұдан бөлек, жолшылар жабындының төменгі және жоғарғы қабаттарын ірі және ұсақ түйіршікті асфальттан жасаған.
Қазір мердігер нысанды тапсыру үшін жолды абаттандырудың соңғы жұмыстарын жүргізуде.