Ертең Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
Ертең Петропавлда жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
18-19 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
18 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
18 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.
18 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.