• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қараша, 2020

Такси қызметі бойынша көліктік бақылау инспекциясының жұмысына мониторинг жүргізілді

243 рет
көрсетілді

Жолдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мақсатында "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп өңірдегі такси қызметінің жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ең алдымен инспекция қызметкерлері такси тұрақтарына барып, заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, такси қызметкерлеріне арнайы жадынамаларды таратты. Сонымен қатар қала көшелерінде рейдтік шаралар өткізді.

Бұрын бақылаушылар тек полиция қызметкерлерімен бірге жұмыс істесе, енді олар заң бұзушыларды өздері анықтай алады.

ҚР ИИДМ Көлік комитеті хабарлағандай, бұған дейін олардың қызметкерлері ішкі істер органдарымен бірлесіп рейдтік және жедел алдын алу шараларын өткізген. Постарды пайдалану ережелеріне түзетулер енгізілгеннен кейін көліктік бақылау инспекциялары тексерістерді дербес, оның ішінде мобильді постардың көмегімен жүргізе алады. Бұған қоса, заң бұзушылар ресми және бейресми таксилер арасында да анықталады (автомобильдер мен құжаттардың заңды талаптарға сәйкестігі үшін).

"Рейд барысында заңсыз тасымалдаушылар көп жиналатын орындарға: базарларға, теміржол және автобекеттердің жанындағы алаңдарға, ірі сауда және ойын-сауық орталықтарына және т.б. ерекше назар аударылады. Такси жүргізушілері бақылау арқылы анықталады (мысалы, көлікке жапсырылған белгі немесе тасымалдау жүзеге асырылатын елді мекенді көрсететін кесте), сондай-ақ жолаушыларды белгілі бір маршрутқа шақыратын жүргізушілердің өзін-өзі қалай ұстайтындығы арқылы да анықтылады. Көліктерді инспекторлар тексеруі үшін жол учаскелері жабылмайды", дейді ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы Саят Манабаев.