• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Бизнес 09 Қаңтар, 2017

Астанада ет арзандап, көкөніс қымбаттауда

9883 рет
көрсетілді

Желтоқсанда өсімдік-сары май бағасының - 5,4%-ға, жұмыртқа - 2,5%-ға, пастерленген сүт - 2,3%-ға, шошқа еті - 1,8%-ға, тауықтың сан еті - 1%-ға, жылқы еті - 0,4%-ға, айран - 0,3%-ға, тұздалмаған сары май - 0,2%-ға өскені байқалды, деп хабарлайды Астана қалалық статистика департаменті.

Сонымен бірге күнбағыс майы - 1,4%-ға, құмшекер - 1,1%-ға, бидай - 0,7%-ға, қой еті - 0,6%-ға, сиыр еті - 0,5%-ға, мәйекті ірімшік - 0,3%-ға арзандады.

Көкөністерден картоп - 8,2%-ға, қияр - 5,8%-ға, сәбіз - 3,6%-ға, аққауданды қырыққабат - 2,5%-ға, басты пияз - 1,5%-ға, қызылша - 0,8%-ға, қызанақ - 0,2%-ға қымбаттады.