• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Наурыз, 2021

Қызылордада «NUR OTAN» партиясының жаңа ғимараты ашылды 

379 рет
көрсетілді

Бүгін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалын орын тебетін жаңа ғимараттың ащылу салтанаты өтті.

Оған облыстық, қалалық қоғамдық кеңестің,  ардагерлер кеңесінің төрағалары, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.

Қала орталығынан бой көтерген жаңа нысанның құрылысына «Дәнекер» ЖШС қолдау білдіріп, демеушілік  көрсеткен. 2 қабатты жаңа нысан заманауи талаптарға сай, озық сәулет үлгісінде салынған. Ғимараттың бірінші қабатында 100 адамға арналған конференция залы мен өтініш-тілегін жетекші партияның назарына жеткізуге келген азаматтарды қабылдауға арналған «Қоғамдық қабылдау» бөлмесі бар. Екінші қабатта қызметкерлердің жұмыс кабинеттері орналасқан.

Нысанның ашылуында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «жетекші партия өкілдерінің тұрғындарға сапалы қызмет етіп, Елбасы мен Мемлекет басшысының нақты тапсырмаларын нәтижелі орындап, мемлекеттік саясатты сәтті жүзеге асыра беретіндігіне сенім мол» - деп, «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, партияның қалалық филиалы 36 бастауыш партия ұйымы мен 261 партиялық топтан құралған.