Қызылорда облысының Полиция департаменті қаладағы «отбасы үлгісіндегі Атамекен балалар ауылы» үйінің тәрбиеленушісі 2004 жылы 27 тамызда дүниеге келген Ділда Мусабековна Нугмановаға іздеу салады, деп хабарлайды Egemen.kz
Ол наурыздың 25-сі сағат 02:00 шамасында тұрғылықты мекенжайынан белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.
Белгілері: бойы 175 см, шашы қара түсті иығынан түскен, кекілі сары түске боялған. Үстінде қара түсті куртка, көк түсті джинсы шалбар, ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім. Жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз.
Тел: 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25
Айта кетейік, жоғалып кеткен тағы екі қыз Алматы қаласынан аман-есен табылды.