● XXII Қысқы Олимпиялық ойындардың салтанатты ашылуын «Фишт» ұлттық стадионынан 40 мың адам көрсе, телеаудитория арқылы Жер шарының 3 млрд. көрермені тамашалады.
● Ойындардың салтанатты ашылуына 44 мемлекеттің басшысы қатысты. Бұл мөлшер мұның алдындағы Турин мен Ванкуверді қосып есептегенде де көп.
● Олимпиадаға 88 елдің құрама командалары сапында 3 000 спортшы келді. Бұлардың арасында Еуропадан – 49, Азиядан – 18, Америкадан – 15, Африкадан – 3, Океаниядан 3 ел бар.
● Шараны өткізуге 12 мың адам тартылды. Олардың арасында 3 мың актер, 2 мың волонтер болды. Ал шеру шебімен 88 елдің 3,5 мың спортшысы жүріп өтті.
● Декорацияны жасауға Ресейден бөлек, АҚШ, Канада, Англия, Австралия, Голландия және Швеция елдерінің мамандары атсалысты.
● «Фишт» стадионында жалпы көлемі 8,5 мың шаршы метрден асатын ауыспалы сахна жабдықталып, оған 25 лифтілік көтерме мен 18 жабық люк қызмет көрсетті.
● Салтанат кезінде жиынтық қуаты 1 млн. ваттқа тең барлығы 500 дауыс күшейткіш іске қосылды. Актерлік құрам мен техникалық персонал 15 мыңнан аса құлақшалы портативті рациялар арқылы жұмыс істеді.
● Аренаны 2,64 млн. ваттық 132 қуатты прожектор жарықтандырып тұрды. Бейнелерді бірден 140 телевизиялық камералар түсірді.
● Ашылу салтанаты өткен күні Сочи әуежайы өзінің жаңа рекордын жасап, 8,7 мыңнан аса қонақтар мен спортшыларға қызмет көрсетті. Бұл күні жалпы әуежай қызметкерлері 11 360 жолаушыны қабылдап алды.
● Сочидегі келесі рекорд бала туу көрсеткіші бойынша тіркелді. Ақпанның 7-і күні мұнда 34 нәресте, соның ішінде 24 ұл және 10 қыз дүниеге келді.
● Осы күні Кубань өлкесінің орталығы – Краснодар қаласында да жаңа рекорд жасалды. Ойындар ашылар мезетте онда 100 жұп салтанатты жағдайда некеге тұрды.