Қазақстанда 22 қарашада ревакцинация басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Республика халқын иммундау жөніндегі консультативтік комиссиясының ұсынысына сәйкес, бұған дейін халықты ревакцинациялау тәсілдері баяндалған болатын. Ревакцинация 22 қарашада 2 кезеңмен басталады», деді министр.
Оның атап өтуінше, ең алдымен халықтың тәуекел тобына кіретіндер ревакцинациядан өтеді.
«Бірінші кезекте тәуекел тобына кірген адамдар екпе алғандығын, бірінші вакцинация мерзімін ескере отырып, осы жылдың соңына дейін халықтың әлжуаз тобы ревакцинациядан өтеді. Олар – медицина қызметкерлері, педагогтер, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен контингенті, жабық балалар мекемелері, күштік құрылым қызметкерлері», деді Алексей Цой.