• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2014

Елбасы кітабының Афинадағы тұсаукесері

387 рет
көрсетілді

Афинада Қазақстанның елшілігі Еуропалық және сыртқы саясат жөніндегі грек қорымен және Жоғары философия мектебімен бірлесіп, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың грек тіліне аударылған «G-global: XXI ғасыр әлемі» кітабының тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталған іс-шараға Грекияда тіркелген дипломатиялық корпустың мүшелері, ғылыми-зерттеу топтары, БАҚ өкіл­дері, сондай-ақ, аталған оқу ор­нының профессорлық-оқы­тушылар құ­рамы мен тың­даушылары қа­тысты. Дөң­гелек үстелге жи­нал­ғандар қазақстандық «G-global» бас­тамасымен танысып, кі­тапта атап көрсетілген «эволю­ция және саясаттағы рево­люциялық өзгерістерден бас тарту», «әділеттілік, тепе-тең­дік, консенсус», «жаһандық төзім­ділік пен сенімділік», «жаһан­дық транспаренттілік», «конструктивті көппо­ляр­лылық» деп аталған бес қағидат туралы хабардар етілді. Дөңгелек үстел жиыны ба­рысында қатысушылар Қазақ­станда өтетін ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі, Астана экономикалық форумы, «АТОМ» жобасы, Әлем­дік және дәс­түрлі діндер көшбас­шылары­ның съезі сияқты халық­аралық бас­та­ма­ларымен де таныстырыл­ды. Философия докторы, Крит технологиялық уни­вер­­ситетінің профессоры Д.Па­телис «G-global: XXI ғасыр әлемі» кітабында маз­мұн­дал­ған идеяларға қызы­ғу­шы­лық білдіріп, Қазақстанның демократиялық өзгерістері екпінін және әлеуметтік-эко­но­­микалық дамуының серпін­ділігін атап өтті. Дөңгелек үстел шеңберінде аудитория назарына «Welcome to Kazakhstan» бейнефильмінің көрсетілімі ұсынылды. «Егемен-ақпарат».