• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2014

Жаңа кафедра ашылады

274 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Мұхтар Алтынбаев пен Анатолий Башмаков А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті. Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев сенаторлар сапарының мақсаты Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауын жастармен жан-жақты талқылап, еркін пікірлесу алаңын құруды көздейтінін айтты. «Мемлекетіміз президенттік жаңа стратегияны қабылдау арқылы өзінің 2050 жылға арналған үдемелі даму жоспарын айқындап отыр, – деді Мұхтар Қапашұлы. – Көп салалы міндеттерді алға тартқан тарихи құжаттың маңызы ерекше. Отанымыздың әр азаматы білімді, белсенді, бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Сіздерге қойылатын жауапкершілік салмақты, бұл орайда мемлекет тарапынан жағдай да жасалуда. Уақыт талабындағы білім алып, ел үмітін ақтау басты парыз. Біз жарқын болашаққа Қазақстан халқының дәстүрлі достық, бауырмалдық пен өзара түсіністік байрағын желбіретіп жетеміз. Бұл қастерлі қағидат сіздердің құлақтарыңызда, жүрек төрінде тұруы керек. Университеттеріңіздегі студенттер Ассамблеясы жақсы істердің жаршысы болып жүргені сүйінішті». Парламент Сенатының депутаты, армия генералы Мұхтар Алтынбаев әскери кафедра тың­дау­шыларына халықаралық жағ­дай тақырыбында дәріс оқып, дүние жүзіндегі саяси жағдайларға  қатысты сұрақтарға жауап қай­тарды. Бірқатар студент алғыс хаттармен марапатталды. Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Сенатының депутаты, Қа­зақстан халқы Ассам­блея­сының мүшесі Анатолий Башмаков ел бірлігінің басты кепілі мемлекеттің ұлтаралық саясатындағы көре­гендік қадам­дарда екендігін атап көрсетті. «Елбасы Н.Назарбаев басқаратын Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің жаңашылдық бастамаларымен әлем назарына ілігіп отыр. Ақмола жастары, соның ішінде Көкшетау сту­денттері игі ұмтылыстарды үнемі қолдап, үлгілі істерімен танылып жүрге­нін білемін. Міне, бүгін сіздердің оқу орындарыңызда жаңа құры­лым – Қазақстан халқы Ассам­б­леясы­ның толеранттылық кафедра­сын ашуға келісім жасалып, университет ректоры Мәди Елубаев­пен меморандумға қол қойыл­ды. Сіздерге табыстар тілей­мін, – деді құрметті қонақ. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». КӨКШЕТАУ.