• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2014

Cпорт

258 рет
көрсетілді

Ұлттық құрамаға жалғыз қазақ кірді Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрама командасы  әлем чемпионатына дайындық ретінде өткізетін жолдастық кездесулерге қатысатын құрамын жасақтады. Бір айта кетерлігі, команда құрамына жақында ғана жарақаттанып, жазыла бастаған жалғыз қазақ хоккейшісі Талғат Жайлауов та кіріп отыр. Сонымен бірге, бұрын Астананың «Барыс» клубында Жайлауовпен бірге ойнаған Кевин Даллмэн де қосылды. Қазір ол Ресейдің Санкт-Петербург қаласының СКА командасында өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасы алғашқы оқу-жаттығу жиындарын 20-25 сәуір күндері Астана маңындағы Мичурин базасында өткізеді. Осыдан кейін  келесі жиындарға баратын негізгі құрам жасақталады. Бұл жиындар Италия мен Францияда өтеді. Сол кезде ұлттық құрама аталған елдермен кездеседі. Қазақстан мен Италия командаларының ойындары 29-30 сәуірде болады. Бірінші матч Тренто қаласында, одан кейін Азиаго қаласында  өтеді. Содан кейін 3-4 мамырда ұлттық құрама Руан мен Париж қаласында Франция  командасымен ойнайды. 7 мамырда құрама әлем чемпионатының элиталық дивизионына қатысу үшін Минскіге аттанады.   Жарыс жалауын көтерді Оралда ересектер арасында Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті Асқар Құлыбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнир жалауын көтерді. Бұл турнир осымен бесінші рет өткізіліп отыр. Оған жыл сайын бірнеше елдердің өкілдері қатысып келеді. Биылғы жарысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан елдерінен барлығы 144 боксшы қатысуда. Соның ішінде біздің елден Батыс Қазақстан облысынан 13 боксшы бақ сынасуда. Турнирдің финалдық жекпе-жектері 5 сәуір күні өтеді. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».