• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
03 Сәуір, 2014

Белсенді жұмыс жалғасуы тиіс

356 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қабылдау барысында министр елдегі криминалдық жағдайдың жай-күйі, қыл­мысқа қарсы күресті күшейту шаралары жә­не қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету тура­лы баяндады. Мемлекет басшысы тіркелген аса ауыр қылмыстар саны – 17%-ға, тонау – 25%-ға, қарақшылық – 52%-ға, пәтер ұрлы­ғы 3%-ға төмендегеніне байланысты оң үрдістерді атап өтті. Нұрсұлтан Назар­баев ұсақ құқық бұзушылықты ашу, жаза қолданылмай қалмау қағидатын сақтау бағытында белсенді жұмыс жүргізу қа­жеттігіне тағы да назар аударды. – Астана мен Алматыда ірі халық­ара­лық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызы зор. Мұндай жұмысты еліміздің барлық қала­лары мен аудандарында да жүргізу қажет, – деді Мемлекет басшысы. Қ.Қасымов жол қауіпсіздігіне бақы­лау­ды күшейту, атап айтқанда, Астана мен Алматыда көшеге бейнебақылау, зама­науи «ақылды» бағдаршамдар жүйесін орна­туға арналған қалалық бағдар­ла­ма­лар­дың, сондай-ақ, қоғамда құқық бұ­зу­шы­лықтарға «мүлде төзбеу» қағида­тын қалыптастыру ісі бойынша полиция жұ­мысын жандандыру жөніндегі тап­сыр­малардың іске асырылу барысы туралы хабардар етті. Бұған қоса, министр қылмыстар туралы барлық дабылдардың қатаң есебі мен тіркелуін қамтамасыз ету және соған орай жедел әрекет ету жөніндегі шаралар туралы айтты. Биыл ішкі істер органдарына қылмыстар туралы 313 мыңнан астам шағым түскен, оның 95%-ы 3 күн мерзім ішінде қаралған. Кездесу қорытындысы бойынша Мем­лекет басшысы құқық тәртібі мен қоғам­дық қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ, іш­кі істер органдары қызметкерлерінің тәр­тіп пен заңдылықты сақтау мәселелері жөнін­де бірқатар нақты тапсырмалар берді.